10.07.2018, 18:02
Оқылды: 81

Орал қаласында «Uralsk education» оқу орындарының жәрмеңкесі өтті

DSC_0688Жәрмеңкені Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырды. Қаладағы төрт жоғары оқу орны мен кәсіби білім беретін 10-нан астам ұйым өкілдері талапкерлерге ақпарат ұсынды.


Ресурстық орталықтың басшысы Оралбек Жандауовтың айтуынша, «Uralsk education» шарасы Оралда тұңғыш ұйымдастырылып отыр. Арбат бойында орналасқан жәрмеңке келушілерге өте ыңғайлы болды. Талапкерлер үшін білім беретін ұйымдар туралы ақпарат жинауға жағдай жасалған. Жастарға жәрмеңке өтетіні жайында әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарланған. Бір ерекшелігі, шара кезінде қосымша білім беретін орталықтар және біліктілікті арттыру курстары туралы ақпарат берілді. Мысалы, «STEP BY STEP» оқу орталығынан қазақ, ағылшын, неміс, орыс, кәріс тілдерін үйренуге болады. Курс ақысы сағат саны мен оқыту деңгейіне байланысты ұсынылған.

IMG_6754– Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетке қабылданатын студенттер саны биыл 1600-ге дейін көбеймек. «Серпін» бағдарламасымен өзге өңірлерден 500-ге тарта студент оқиды. Биыл техникалық мамандықтарға, ақпараттық жүйелерге, электрик мамандығына оқитындарға мемлекеттік грант көбейді. Облыстық бюджеттен бөлінетін 100 гранттың отыздайы біздің университет оқытатын мамандыққа сәйкес келеді. Мектепті «Алтын белгімен» бітіргендерге, халықаралық, республикалық пән олимпиадалары жүлдегерлеріне ректор гранты тағайындалады. Ауыл жастарына жатақханадан орын беріледі. Әлеуметтік санатын ескеріп, көмеккке мұқтаж студенттерге оқу ақысын төлерде жеңілдік жасалады. Университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жағдай жасаймыз. Мәселен, келісімшарт арқылы студенттерді тағылымдамадан өткізетін италиялық компаниялар болашақта оларды тұрақты жұмысқа қабылдап жатады, - дейді БҚАТУ-дың студенттің контингентін қалыптастыру және «Мансап» орталығы директорының Бейбітжан Рахымғалиев.

– Заман талабына сай әр салада жаңа мамандықтар пайда болуда. Олардың ішінен өзіме ұнағанына грантқа түсе аламын деп ойлаймын. Бүгін керекті ақпараттарды оқу орындарынан алдым, енді ата-анаммен ақылдасып, бірге таңдайтын боламыз, – деді абитурент Ақылбек Сәрсенов.

«Uralsk education» оқу орындарының жәрмеңкесінде күні бойына 100 талапкер ақпарат алған.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале