8.07.2020, 20:37
Оқылды: 158

Орал қаласындағы дүкендерде санитарлық талаптар сақталуда

Бұған бүгінгі рейд барысында көз жеткізілді.

dc1ffced-3bdc-44cd-b47f-8da004ab6003

Биылғы 5 шілдеден бастап жарияланған екі апталық күшейтілген карантиндік режімге сəйкес бүгін Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жəне Орал қалалық жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері рейдке шықты. Олар Оралдағы Еуразия даңғылында орналасқан бірқатар ресторан, дəмхана, азық-түлік жəне киім дүкендерін аралады.

Рейд барысында аталған тамақтану, сауда орындарында дезинфекциялық құралдар, тұмша, қолғаптың болуы тексерілді.

82f4a135-a272-4694-8d08-fdeb8ec66708

- Тексеріс барысында санитарлық талаптардың орындалуына куә болдық. Көзге көпе-көрінеу көрінетін кемшіліктер жоқтың қасы. Сақтану құралдары жеткілікті мөлшерде. Сауда орындарында адамдардың шоғырлануы байқалған жоқ. Арақашықтық сақталады. Тек соңғы бас сұққан азық-түлік дүкеніне бірден 8 тұтынушының енгені жəне арақашықтықтың сақталмауы назарға ілікті. Дүкеншілерге сақтық шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі Хасанова өз сөзінде.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале