29.05.2018, 15:39
Оқылды: 47

Орал қаласындағы зияткерлік мектеп халықаралық дәрежеде мойындалды

 

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясын алды.

Осыдан алты жыл бұрын заманауи білім беру үлгісінде алғашқы шәкірттерін қабылдап, оқытуды бастаған білім ошағы халықаралық стандартқа сай болу үшін кәсіби тұрғыда қызмет етіп келеді. Бұған дейін Халықаралық мектептер кеңесінің сарапшылары бірнеше рет келіпмектептегі білім беру жүйесін Халықаралық мектептер кеңесінің 7 стандарты, яғни «Мектепті басқару ережелері», «Оқыту және оқу», «Басқару және көшбасшылық», «Қызметкер», «Оқыту мен оқуға қолжетімділік», «Мектеп мәдениеті және оқу барысындағы серіктестік», «Ресурспен қамтамасыз ету» бойынша бақылау және бағалау жүргізді. Аталған ұйымның соңғы шешімін қабылдау сапары осы жылдың 7-13 сәуір аралығында өткен болатын. Нәтижесінде мектеп өзінің ұйым анықтаған стандарттарға сәйкестігін дәлелдеп, халықаралық дәрежедегі білім беруге қабілетті екенін мойындатты.

2Айта кетейік, Халықаралық мектептер кеңесі - мектептерді аккредитациялау және оқытудың озық әдістерін әзірлеумен айналысатын халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым. Оның құрамы дүниежүзінің 116 еліндегі 738 мектеп пен 583 колледжді қамтиды. Аталмыш қауымдастықтың аккредитациясын алу халықаралық білім берудегі көптеген іс-шараларға, түлектер үшін алдыңғы қатарлы оқу орындарына, мұғалімдердің түрлі кәсіби байқауларға, конференцияларға еркін қатысуына, түрлі білім ресурстарына, халықаралық ұйымдармен серіктестікке жол ашады. Сонымен қатар білім беру процесінде аталмыш ұйым әрдайым қолдау мен кеңес беріп отырады.

    Орал қ. НЗМ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале