13.12.2017, 11:48
Оқылды: 60

Орал қаласының 2018 жылғы бюджеті 26 млрд. теңге

Бұл жайлы Орал қалалық мәслихатының XVII кезектен тыс сессиясында айтылды. Орал қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекіту жөнінде баяндаған Орал қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Мұхитқызының айтуынша, 2018 жылға қала бюджетінің көлемі 26 846, 8 млн.теңгеге жоспарлануда. 26,8 млрд. теңгенің 4 555,3 млн. теңгесі республикалық бюджеттен болса, 1 731,4 млн. теңгесі облыстық трансферттер және 20 560,1 млн. теңге бюджеттің өз кірісі болмақ. Ал шаһардың 2019 жылғы бюджеті 21 121,9 млн. теңге, 2020 жылғысы 21 336,3 млн. теңге болмақ.

ҚР Ұлттық қоры есебінен қала орталығындағы екі жылыту жүйесінің қайта құрылуына 1 265, 6 млн. теңге бөлінген. Қалалық бюджет есебінен №24 балабақша ғимаратын күрделі жөндеуге 21,6 млн. теңге, аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарына 47,0 млн. теңге қаражат қарастырылған. Қаланың көше жолдарын күрделі жөндеу, қайта құру және оларға ЖСҚ дайындау шараларына жалпы 354.1 млн. теңге бөлінуде. Қала бюджетінің басым бөлігі, яғни 61,3 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған болса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 16,6 пайызды, құрылыс 15,8 пайызды құрайды. Қос баяндама бойынша бірауыздан шешім қабылданды.

 Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале