29.03.2019, 15:56
Оқылды: 32

Орал қаласының әкімі қыс бойы қар тазалауға жұмылғандарға алғыс айтты

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев төрт ай бойы шаһарда қар тазалау жұмыстарын жүргізген коммуналдық мекемелер мен ортақ іске мүдделілік танытқан құрылыс компанияларына, әскерилер мен еріктілерге ризашылығын жеткізді.

IMG_0696

- Төрт ай бойы 400-ге жуық қызметкер, 350-ден астам арнайы техника күндіз-түні қызмет атқарды. Нәтижесінде қаладағы су басу қаупі бар 35 учаскедегі қарды тасып шығардық. Ветелки, Казенный пруд, Вишневая балка сияқты су тоғандары тазартылды. 92 шақырым арық аршылды. Шаһардағы қардың көптігінен қолданыстағы екі полигонға қосымша бес полигон ашылды. Қазір жетеуі де қаладан тасып шығарылған қардан толып тұр. Ескі қала, Курени, Екінші жұмысшы, Ет комбинаты, Жұлдыз, Ескі әуежай, Деркөл, Балауса шағын аудандарында еріген қар суы қолайсыздық тудыратын аумақтардан қар суын сорып шығару жалғасуда. Апта соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады.

Орал қаласы бойынша еріген қар суына қатысты мәселе шешілді. Алайда, қала маңындағы 75 саяжай бірлестігінде қарғын су қаупі әлі толық сейілген жоқ. 28 уақытша қосын дайындалды. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз,-деді Мұрат Рахметұлы.

Динара Жұмабекқызы,

Cурет: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале