19.09.2019, 16:00
Оқылды: 402

Орал қаласының әкімі тұрғындарды қабылдауда

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 19-20 қыркүйек күндері «Ашық әкімдік» шарасы аясында қабылдау жүргізеді. Жалпы жыл басынан бері «Ашық əкімдік» шарасына жəне əкімнің жеке қабылдауына 1000-нан астам тұрғын келген, деп хабарлайды Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

otkrytyi akimat 

Шараға қаладағы құрылымдық бөлім басшылары, коммуналдық қызмет көрсету мекеме басшылары қатысады.

Қабылдау 19 қыркүйек сағат 16:00-20:00-де Жастар мәдениет үйінде (Карбышев көшесі, 60), 20 қыркүйек сағат 14:00-18:00-де Жастар шығармашылық орталығында (Гагарин көшесі, 105/3) өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Зашаған, Деркөл, Желаев, Круглоозерный кентінде қабылдау жүргізді.

Зашаған кентіндегі «Ашық әкімдік» шарасына барлығы 64 адам келген. Соның ішінде 25 тұрғын қала әкімінің жеке қабылдауында болды. Сұрақтардың дені тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, балабақша кезегі жайында қойылған.

Ал Деркөл ауылындағы кездесуде қала әкіміне 24, құрылымдық бөлімдерге 40 тұрғын сұрақпен келді. Тұрғындар өтініші негізінен тұрғын үй және жұмыспен қамту мәселесі турасында. Сонымен қатар бірнеше сұрақ «Орал Таза Сервис» ЖШС және «Батыс Су Арнасы» коммуналдық мекемесіне жолданды. Қала басшысы әр мәселе бойынша түсіндіріп, жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

«Ашық әкімдіктен» соң қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Деркөл ауылында жаңадан бірнеше қоқыс контейнерлері қойылды. Қатты қалдыққа арналған қоқыс контейнері Бейімбет Майлин, Тақсай және Хадиша Бөкеева көшелеріне орнатылды.

Желаев селолық округіндегі кездесуге 30 азамат келсе, қала әкімі 12 тұрғынды жеке сұрағымен қабылдады. Тұрғындар абаттандыру, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу, тұрғын үй және жер мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале