6.02.2017, 14:42
Оқылды: 37

Орал қаласының су тасқыны қаупі бар аймақтары тексерілді

kubyr  Орал қаласы трансшекаралық Жайық, Шаған сияқты су тасқыны қаупі бар үш өзеннің  қиылысында орналасқан. Мұнда су тасқыны кезеңінде нақты су басу қаупі төндіретін аумақтар анықталған.


  Су тасқыны кезеңінде қала маңындағы «Үміт», «Жұлдыз» шағын аудандарында, Зашаған кентінде еріген қар суынан тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды.

  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Азбаев, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев және басқа да мүдделі қызмет басшылары облыс орталығының су тасқыны кезеңінде еріген қар суымен су басуы мүмкін аумақтарын қарап шықты.

  Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдары қала аумағындағы арық жүйесінің құрылысын қолға алуда. 2016 жылы Орал-Саратов тасжолымен қиылысатын жолдардың бойына су өткізгіш құбырлары төселді. Зашаған кенті ауданында су жіберу арықтары салынуда. Бұл жүйе арқылы кент ішіндегі көктемде еріген қар сулары бір арнаға тоғыспақ.

  Сонымен қатар басшылар Сарытау және Бортау шағын аудандарында су өткізгіш құбырларын да қарап шықты.

  Тексеру қорытындысы бойынша, облыс әкімінің орынбасары қала әкімдігіне Зашаған кентінің су басуы мүмкін аймағындағы проблемаларды шешу үшін тиісті ұсыныстар жасауға тапсырма берді.

         БҚО ТЖД

Төтенше жағдайлардың

алдын алу бөлімі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале