14.12.2018, 13:14
Оқылды: 46

Орал көшелеріне инертті материал төсеуге 60 техника мен 300-дей жұмысшы жұмылдырылған

 Екі күннен бері жауған жаңбыр көшелерді көк мұзға айналдырды. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін өңірдің кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -13, -18 градусқа дейін төмендеп, күндіз -5, -10 градус аяз болады.

IMG_4060

-Оралдан 47 344 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте қала, қалаға қарасты Зашаған, Серебряково, Круглозерное округтері жолын, қоғамдық көлік жүретін, мектеп, балабақша, аурухана апаратын жолдарды тазалаймыз,- деді «Жайық таза қала» ЖШС директорының орынбасары Қуат Ерсайынов.

Көшелерге тұз аралас құм себуге 60 техника мен 300-дей жұмысшы жұмылдырылған. Қардың ерте түсуіне байланысты қордағы 1 400 тонна құмның жартысына жуығы жұмсалған. Бірақ қыс біткенше инертті материалдарға тапшылық болмауы тиіс дейді мамандар. Ал сауда орындары, кәсіпкерлік, өзге де нысан иелері мұзды ойып, қауіпсіздік қамын өз беттерімен жасауға міндетті.

         Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, облыс орталығында екі апта ішінде мұзға құлап, жарақат алғандардың саны - 355 адам.

         Айта кетейік, кеше кеште көктайғаққа байланысты БҚО-да барлық жолдар жабылды.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале