5.06.2019, 10:54
Оқылды: 206

«Орал Құс Фабрикасы» халал сертификатын алды

2019 жылы маусым айында «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Ануар Елжанов арнайы барып «Орал құс Фабрикасын» тексерістен өткізіп, барлық стандарттарға сәйкес екендігін қадағалаған болатын.

 Орал қаласындағы «Халал Дамудың» өкілі Асхан Асылбеков көпшілік алдында «Орал Құс Фабрикасына» сертификат табыстады. Орал құс фабрикасы ҚМДБ – Халал стандарттарына сәйкестендіріліп сертификат берілді, деп хабарлайды muftyat.kz.

 0x0 (1)

«Орал Құс Фабрикасы» ЖШС Батыс Қазақстан облысында орналасқан балапан өсіру және тағамдық жұмыртқа алу үшін құс ұстау технологиялық циклымен жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындардың біріне жатады.

250 000 (екі жүз елу мың) бас тауыққа есептелген құс фабрикасы жұмыртқа бағытындағы фабрика ретінде 2003 жылы құрылды. Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын өндіру.

0x0

Цехтар балапан өсіруге және құс ұстауға арналған қуатты жаңа заманға сай, жоғары технологиялық «Big Dutchman» неміс фирмасының құралдарымен жабдықталған. Орал құс фабрикасы тек БҚО-ның ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа облыстарының тұтынушы сұранысын да қанағаттандыруды мақсат етіп отыр.

Фабрикада 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Соның ішінде 25 адам жоғары білімді маман.

2009 жылы «ОралҚұс Фабрикасында» ISO 9001 және ISO 22000 халықаралық стандарт талабына сәйкес менеджмент жүйесі жасалып, енгізілді. Фабрика өнімдері тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі – ХАССП негізі бойынша сертификациялаудан өтті.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале