22.05.2018, 19:56
Оқылды: 63

«Орал өңірінің» жас оқырмандары марапатталды

received_851995414998544Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында облыстық «Орал өңірі» газетінің 100 жылдығына  арналған балалар шығармашылығының байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Облыстық «Орал өңірі» газетінде жарияланған аталмыш байқау газет-журнал оқитын  жас оқырмандардың санын арттырып, олардың шығармашылығын қолдап, ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.   

received_851995364998549Салтанатты шарада сөз алған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева «Орал өңірінің» жас оқырмандарына ақжарма тілегін  арнады.

-Мен бүгінгі шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Біз сөзді ұғып, шығарма түсінетін балдырғандарға зәруміз.  «Көргенсізге бұл қазақ зәру болса, Қыздарының барлығы ару болса» деген өлең жолдарымда айтқандай, қыздардың барлығы ару, ибалы, ұлдарымыз  батыр болса екен деп тілейміз. Бірақ барлығы сондай бола бермейді. Сіздердей саналы, батыл, білімді ұрпақтың арқасында қоғам сақталады. Әдебиетке бей-жай қарамай, кітап-газет оқуға ынталы бүлдіршіндерді көргеніме қуанып отырмын. Мен де сендер секілді ауылда туып-өстім. Алғашқы өлеңдерім де ауылға арналды. Сендердің кішкентай ауылдарың - туған жердің бөлшегі. Туып-өскен жерлеріңді сүйіңдер. Қазақтың тілін сүйіңдер. Өзге тілді меңгеріп, әлемді шарлаңдар. Өйткені, сендер – егемен елдің бақытты ұрпағысыңдар!- деді Ақұштап Бақтыгереева.

received_851995431665209Байқауы  нәтижесінде Бөрлі ауданындағы  Григорьев мектеп-балабақша кешенінің 4-сынып оқушылары Гүлайхан Ғаниева, Еркебұлан Шарибданов , Айкөркем Қанапия мен Зеленов ауданындағы  Өркен мектеп балабақша кешенінің 7-сынып Раукен Зайдуллина, сондай-ақ Шыңғырлау ауданының Ақтау ауылындағы мектептің оқушылары Райхан Тасемен  мен Шерхан Қайдарғали үздік деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды.

received_851995348331884Сондай-ақ әр жүлдегерге Махамбеттің, Жұбан Молдағалиевтің, Қадыр Мырза әлінің, Ақұштап Бақтыгереева мен  Қайрат Жұмағалиевтің кітаптары, спорттық доп, ақшалай сыйлық және тәттілер берілді.

Гүлсезім Бияшева

Фото Темірболат Тоқмамбет

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале