16.05.2017, 11:19
Оқылды: 57

Орал тұрғыны тонаушыдан құтқарған Ұлттық ұлан жауынгеріне алғыс білдірді

Ylan kizmetkeri    Орал қаласының тұрғыны Александр Федин ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5517-әскери бөліміне келіп, тонаушыдан құтқарған келісімшартпен қызмет ететін қатардағы жауынгер Қуаныш Сайлауовқа алғыс айтты.


        «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Қ.Сайлауовтың бұл батыл іс-әрекеті А.Фединнің полк командирі, подполковник Асылбек Шайқамаловтың атына жазған хатынан кейін ғана белгілі болды. Қала тұрғыны Ұлттық ұлан жауынгерінің кәсіби шеберлігі мен белсенді азаматтық ұстанымын атап өтіп, шынайы көңілден ризашылығын білдірді. Қуаныштың өзі бұл жөнінде ешкімге айтпаған.

       Айта кетейік, оқиға 10 мамыр күні сағат 13.00 шамасында «Кеңдала» шағын ауданындағы «Аманғали» дүкенінің маңында орын алған. Бетперде киіп, пышақпен және электршокермен қаруланып, мотоциклге мінген белгісіз екі ер адам А.Фединге қарақшылық шабуыл жасап, оның ірі көлемдегі қаржысы бар қара сөмкесін тартып алмақ болған. Сол кезде дүкенде болған Қуаныш Сайлауов айқай-шуды естіген бойда көшеге жүгіріп шыққан. Қуаныш әдіс қолданып, Александрмен бірге қарақшыларға тойтарыс берген. Шабуылдаушылар түк тындыра алмай, қашып кеткен.

       Қ.Сайлауов Ұлттық ұлан қатарында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Ол алғашқы күннен-ақ өзін жақсы қырынан көрсетіп, сауатты да табанды жауынгер екенін танытып келеді. Мінсіз қызметі үшін әлденеше рет әскери бөлім басшылығы тарапынан ынталандырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале