1.10.2017, 15:14
Оқылды: 49

"Орал - велоқала" эко-фестивалі өтті

received_745522308979189Бүгін еліміздің барлық қалаларында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуымен бірінші «Велоқала» эко-фестивалі өтті.
Бір уақытта ұйымдастырылған бұл акцияға Зияткерлік мектептердің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары, барлығы 4000-нан астам адам қатысты. Аталмыш шараны шаһарымыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Оған облыстық велоспорт мектебінің 30-дан астам және аталған мектептің жүзден астам оқушысы, ұстаздары мен ата-аналары ат салысты. Зияткерлік мектебінен жолға шыққан веложорықшыларды қаламыздағы №14 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы қазақы салт-дәстүрге сай қарсы алды. Мектеп директоры Шолпан Қадырованың айтуынша, республикалық эко-фестивалдің басты мақсаты – жастар мен ересектер арасында велосипед көлігін насихаттау, сол арқылы экологиялық мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтына баулу. Бұл шара «Ақбота» қоғамдық қорының қатысуымен БҰҰ Даму бағдарламасы – «Алматы қаласының тұрақты көлігі» жаһандық экономикалық қорының «Сенің қауіпсіз велосипедің – сенің қалаңның экологиясы мен денсаулығың үшін» жобасы аясында қолға алынған.
Белгіленген маршрут бойынша өткен веложорық №14 мектептің алдындағы достық концертіне жалғасты. Екі мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, шара соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы осы мектептің оқушыларына сыйлықтарын табыстады.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале