20.01.2020, 20:14
Оқылды: 286

Орал халықаралық әуежай ғимаратының жаңа жобасы таныстырылды

Бүгін Оралда жаңартылатын әуежай ғимаратының жобасы таныстырылды. Жаңа жобаның таныстырылымына облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы барды.

IMG-20200120-WA0043-800x450

Оралдағы халықаралық әуежайды қайта құру және жаңғырту жұмысы өткен жылдың тамыз айында басталған еді.
– Жұмыс басталғаннан кейін ғимаратта жасырын ақаулар анықталды. Ғимараттың іргетасты отырып, тіреуіш құрылымдары тозған. Сол себепті «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» қосымша зерттеу жасады.
Зерттеу нәтижелері мен шыққан қорытындыға сәйкес әуежай ғимараты қолданыстағы құрылыс нормасына сәйкес емес деп танылды.

IMG-20200120-WA0044-800x450

Осыған байланысты бұрынғы жобалаушы - Almaty «EDLІ&CO» ЖШС жобаны жергілікті «Кульман» ЖШС компаниясына берді. Қазіргі уақытта жобаға өзгерістер енгізілуде, - деді облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов.

IMG-20200120-WA0047-800x450
Ғимарат 1979 жылы пайдалануға берілгеннен бері күрделі жөндеуден өтпеген. 2015 жылы жасанды ұшып-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіліп, қазіргі заманғы жолаушылар ұшағының барлық түрін шектеусіз қабылдауға мүмкіндік туды. Дегенмен әуежай терминалының тозуы және техникалық базаның ескіруі жолаушылар өткізу қабілетін арттыруға және жаңа әуе бағыттарын ашуға мүмкіндік бермей отыр.
Жобаның сәулетшісі Нариман Искиндиров жаңа жобаның нобайы туралы толығырақ айтып берді.

IMG-20200120-WA0045-800x450
- Бұрынғы жобадан басты айырмашылығы - ғимараттың сырты толығымен өзгертілді. Нысанның негізгі аумағы ғана ұлғаяды. Ғимарат қайта жөндеуден бұрын 3 850 шаршы метр болса, жөндеу жұмысы аяқталғанда шамамен 7000 шаршы метр болмақ. Бұл жоба іске асқан кезде жылына 160 мыңнан 350 мыңға дейін жолаушы қабылдауға қауқары жетеді. Ал сағатына 200 адамға қызмет көрсете алады.

IMG-20200120-WA0046-800x450
Бұдан бөлек, жолаушыларға қызмет көрсету үшін және жүкке заманауи жабдықтар, тіркеу уақытын және төлқұжатты бақылауды қысқартатын жаңа қауіпсіздік жүйесін орнату жоспарлануда.
Автокөліктен шыққан кезде жолаушылар бірден терминалға кіруі үшін ғимараттың кіреберісінің алдында арнайы шатыр салынады.
Әуежай ғимараты заманауи дизайнмен қайта жаңғырады. Толығымен шыны және металл конструкцияларынан жасалған. Яғни ғимараттың қасбеті әйнектелген алюминий панелінен құралады.
Жаңа жобада жолаушыларды ұшақтан бірден әуежайға апаратын жабық трап салынбақ. Бірақ оның құрылысы жұмыстың екінші кезеңіне жоспарланған, - дейді Н.Искиндиров.
Айта кетейік, әуежай аумағында ақылы және тегін автотұрақ салынады. Ал ғимараттың алдына сапалы өрнектас төселмек.
Осы тұста облыс әкімі көгалдандыруға көп көңіл бөлуді тапсырды.
- Орал - экологиялық таза және көк желекті қала. Әуежайдан түскен жолаушылар бірден қаланың көркін сезінуі керек. Терминалдың айналасын көгалдандыруға жете көңіл бөлген дұрыс. Өрнектасты аз пайдаланып, абаттандыруға көп көңіл бөлу қажет. Құрылыс жұмысының бағасы жоба аяқталған соң нақты белгілі болмақ. Бірақ бұрынғы 2,4 млрд. теңгеден көп қымбаттамайды. Жобаны келесі жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарда тұр.
Әуежайдан қашықтығы 2,5 шақырымға дейінгі заңсыз орналасқан ғимараттардың мәселесін шешу, ұшу алаңына жақын маңда заңсыз салынған не құрылысы енді басталған нысандардың бар-жоғын пысықтау қажет, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстарынан кейін әуежай барлық типтегі жолаушылар және жүк ұшақтарын қабылдай алады. Қазір жаңа жоба бойынша терминалды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Динара Насыр
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале