10.12.2016, 13:08
Оқылды: 28

Оралда қар тазалаушы техника сынақтан өткізілді

received_608211019376986Орал қаласында су жаңа «Arctic Machine» қар лақтырушы техникасының жұмыс жасау қарқынын БАҚ өкілдері байқап қайтты.


Қар тазалаушы техниканың Әбілхайыр хан даңғылы бойында кезегімен келген жүк көліктеріне аса жылдамдықпен қар лақтырып жатқанын көріп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиевтен су жаңа «Arctic Machine» техникасы жайлы сұрадық.

received_608210972710324Оның айтуынша, «Ағымдағы жылы 19 арнайы көліктерді сатып алу үшін облыстық бюджеттен 307 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда құны 40 млн. теңге тұратын «Arctic Machine» қар тазалаушы машинасы бес қарапайым қар тазалаушының жұмысын жасайды. Ол дегеніміз жанар-жағармайға және уақытты үнемдеуге өте қолайлы. Кешегі күннің өзінде аталмыш техниканың көмегімен 1000 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Жол жиегінде жатқан қарды бір минутқа жетер-жетпес уақытта жүк көлігіне тиейді. Әзірге бұндай техниканың бір данасын алып қысқы маусымда байқап көргіміз келеді. Егер де жұмыс жасауы көңілден шығып жатса, болашақта бұндай техниканың санын арттыруға ниеттіміз, - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

-Өздеріңіз тамашалап тұрған қар тазалаушы техникасы Финляндияда жасалған. Қазіргі таңда Мәскеу қаласында аталмыш техниканың он шақтысы өз жұмысын атқаруда. Қар тазалаушы техниканың бір ерекшелігі жанар-жағармай құю багі өзінде орналасқан және қар лақтырушы құрылғысы кез келген бағытқа бұрылып жұмысын жалғастыра береді. Минутына 30 текше метр қар лақтырушы техниканың толық жанар-жағар майы 10-12 сағатқа жетеді,- деп түсіндірді мәскеулік Станислав Пересветов.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале