26.02.2018, 17:52
Оқылды: 65

Оралда 1 наурыздан бастап бірнеше маршруттың бағыты өзгереді

avtobus№27, №34, №36, №51 маршруттарына уақытша қызмет көрсеткен «Ақжол авто» ЖШС-ның келісімшартты бұзу жөніндегі өтініші негізінде, аталған маршруттарды «№1 жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС-на уақытша қызмет көрсетуге беру туралы шешім қабылданған.

Соған байланысты, №36«Меловое горки-Мичурин ауылы» маршрутын жабу және №3 «Жайық өз.жағалауы-Автосалон» маршрутының қозғалыс сұлбасын өзгерту туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап №3 маршруттың қозғалысы «Темір жол вокзалы» арқылы «Меловое горки-Мичурин ауылы» бағытында өзгертіліп, маршрутта орташа сыйымдылықты 20 автобус қызмет көрсететін болады. ⠀

№3 «Коминтерн - Вокзал» маршруты «Коминтерн - Автосалон» маршруты болып өзгеріп, маршрутқа 6 бірлік «Газель» маркалы шағын автобустар қызмет көрсететін болады.

Сұрақтар болса, Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 50-04-02 телефонына хабарласуыңызға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале