21.11.2019, 10:13
Оқылды: 918

Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

191121105110741e

Кеше кешкісін Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаев трассасы арасындағы шағын Нұр көшесі 5-үй маңында белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып, бой тасалаған болатын.

 Бүлдіршін қыз сол жерде көз жұмды.

avaria (1)

Оқиға орнына жедел тергеу тобынан басқа полиция департаментінің басшылары барып, күдіктіні ұстауға жеке құрам жұмылдырылды. Нәтижесінде қызды қаққан 1986 жылғы жүргізуші ұсталды, ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале