25.10.2018, 17:27
Оқылды: 76

Оралда 13 қоғамдық көліктің бағыты өзгереді

Орал қаласының «Нефтебаза» ауданындағы көпірдің салынуына байланысты қарашаның бірінен бастап №3, 3к, 4, 6, 7, 10, 13, 16, 17, 35, 37, 49, 53 бағыттағы қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді.

avtobus

         Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлімдеді.

         №3 маршрут Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан, Карбышев, Азербайджанский, Пионерский, Кеңес Одағының батыры Чуриков, Есламғалиұлы, Молдашев, Есенжанов, Шолохов көшелерімен Сады көшесіне өтіп, әрі қарай өз бағытымен жүретін болады. Ал №3к, 6, 10, 16, 17, 37, 49, 53 бағыттағы маршруттар Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан, Карбышев, Азербайджанский, Пионерский, Кеңес Одағының батыры Чуриков, Молдашев көшелерімен Есламғалиев көшесіне шығып, одан әрі бұрынғы бағытымен жүретін болады.

          Ал №4, 7 бағыттағы қоғамдық көліктер Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан, Мусин, Құрманғалиев, Шолохов, Есенжанов, Мұнайшылар, Конкина көшелерімен жүріп өтіп, өз бағытына түседі. №13 маршрут Есенжанов, Мұнайшылар көшелерін жол өткеліне жетпей айналып кері бағытпен жүреді.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале