10.04.2018, 9:53
Оқылды: 67

Оралда 14 сәуірден сенбіліктер басталады

14 сәуір мен 1 маусым аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық акциясы басталады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте қала әкімі Мұрат Мұқаев мәлімдеді.

-Биыл қыс айлары ұзаққа созылып кетті.  Наурыз айында қардың қалың түсуіне, жердің тоңы түспеуіне байланысты комунналдық мекеме  қызметкерлеріне күндіз-түні бел жазбай,  еңбек етуге тура келді. Осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде бірде-бір үйге су кірген жоқ. Сол үшін барлық коммуналды қызметкерлер  мен қала тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Жыл сайынғы дәстүрге сай 14 сәуірде  жалпықалалық сенбілік басталады, - деп сөзін сабақтаған шаһар басшысы «Қаланың тазалығы-сенің қолыңда!» атты ұранмен өтетін сенбілікке қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.

Сенбілік барысында қыстан шыққан күл-қоқыстарды жинау,  ағаш-көшеттерді қиып, түптерін ақтау, абаттандыру, көгалдандыру, өзге де   жұмыстар жүргізілмек.

 Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале