7.01.2020, 13:20
Оқылды: 589

Оралда 18 оқушыға грант сертификаты берілді

5-6 қаңтар күндері Орал қаласының №37 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 14 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

IMG-20200107-WA0022

Оған облыстағы жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 433 оқушы қатысты. Оның ішінде 163 оқушы жүлдеге ие болды. 61 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Облыстық олимпиаданың қазылар алқасы құрамында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалым-оқытушылары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» өкілдері болды.

IMG-20200107-WA0041

Бүгін облыстық олимпиаданың жеңімпаз-жүлдегерлері облыстық білім басқармасының дипломдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

– Облысымыздағы мектептерде 108 мыңнан астам оқушы білім алуда. Соның ішінде үздіктері білім олимпидасына қатысты. Бәрін де қатарластарынан озық та алғыр деп танимыз. «Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың» деп Мұқағали ақын айтқандай, мектепте оқығанда ой-өрістеріңіз кеңейіп, елімізді алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде гүлдендіретін азамат болып қалыптасасыңдар. Болашақ – сендердікі. Олимпиада қорытындысы білімді өрендердің көп екенін көрсетті, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев.

Олимпиада жүлдегері болған, 11-сыныпта оқитын 12 оқушыға математика, физика, информатика және химия пәндері бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі оқу құнына І орын үшін 100%, ІІ орын үшін 50%, ІІІ орын үшін 30% жеңілдік беретін грант сертификаттары табысталды. Ал Астана халықаралық университетінен математика, физика, информатика, химия, биология және шет тілі пәндерінен І орын иегері атанған, биыл мектептен түлеп ұшатын 6 қатысушыға 100% грант сертификаттары берілді.

IMG-20200107-WA0023

Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпидасының қорытынды кезеңі 2020 жылдың наурыз айында Қарағанды (жаратылыстану-математикалық бағыты) және Талдықорған (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) қалаларында өтеді.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

IMG-20200107-WA0032
IMG-20200107-WA0037

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале