7.08.2019, 10:00
Оқылды: 172

Оралда 2000 абонент электр қуатына қосылды

Облыс орталығында электр беру желілерін қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Коммуналдық қызметтердің күшімен 2000-нан астам абонент электр қуатына қосылды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

svet lampa

Қазіргі таңда қала бойынша 1600-ге жуық, ал қала сыртында 400 абонент жарықсыз қалуда. Бұл ішінара – Зашаған ауданында: Балауса, Береговая, Брусиловский, Автомобилист,

Ет комбинаты аумағында: Винерман, Январцевская, Әбдіров, Видяшев, Иманов, Затон Чапаева; Желаев аумағында: Агрегатная, Трудовая,

Екінші жұмысшы аумағында: Өтемісов, Придорожная, Краснодар, Көкшетау, Мусин, Охранная, Анапская, Оразбаева;

Қала орталығы ауданында: Савичев, Тоқай, Рабочая, Чагано-Набережная, Нүрпейісова, Есқалиев, Сарайшық,

Курени аумағында: орман шаруашылығынан Ескі шіркеуге дейін, қалалық саябақ-мехзавод аумағында: Мәметова, Чагано-Набережная, Железнодорожная, Евразия, Неусыпов, 8 март, облыстық аурухана аумағында: Х.Чурин, Лермонтов, Жароков, Құрмангазы, Карев, Қараш көшелері.

Бұл жұмыстарға 3 оперативтік-шығу және 8 авариялық-қалпына келтіру бригадалары тартылды.

"Құрметті қала тұрғындары, дауылдан зақымдалған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары барысында шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз" деп жазды облыстық әкімдіктің желілердегі парақшалары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале