19.01.2018, 16:47
Оқылды: 72

Оралда 276 отбасы баспаналы болды

Оралда қос бірдей көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа үйлерге қоныстанушыларды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, Елбасы тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өңірде тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алғанын жеткізді. Соның ішінде соңғы жылдары қалаға қарасты Зачаган кентінде Орал-Атырау және Орал-Саратов күре жолдары аралығында тұрғын үйге қоса мектеп, балабақша, емхана, спорт кешені бар тұтас қалашық бой көтерді деуге болады.

Жаңадан салынған қос үйдегі пәтерлер кезекте тұрғандар мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілді. Оның бірі - 180 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй құрылысына 1,3 млрд. теңге жұмсалды. Екіншісі - 96 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үйді салу үшін 830,8 млн. теңге бөлінген болатын. Сонда бүгін Оралда 276 отбасы баспаналы болып отыр.

Елжан Ералы

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

Темирболат Токмамбетов01 Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов06

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале