8-707-808-48-55
24.01.2020, 20:45
Оқылды: 112
Оралда 41 үй апатты жағдайда

Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 2019 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес алдында берген есебінде айтты.  

oral akim (1)

Оралда соңғы бірнеше жылдан бері апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлердің санын азайтуға бағытталған жұмыстар мемлекеттік-жеке серіктестік аясында атқарылуда. Бүгінде қала бойынша 41 үй апатты және 200-ден астамы ескі деп танылған. Бұл үйлерде 1668 отбасы тұрып жатыр.

Өткен жылы Есқалиев көшесіндегі №151 және №153, Ружейников, 14 мекен жайындағы үйлер бұзылды. Апатты үйлердің орнына Құрманғалиев 3, Скоробогатов, 65/1 мекен жайларында көпқабатты үйлер бой көтерсе, 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы әлі жалғасуда. Жалпы бұл бағдарлама басталғалы 17 апатты үй сүрілді.

oral akim (5)

Нұрлыбек Рахманов,

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар