3.10.2019, 18:43
Оқылды: 596

Оралда 5 қазанда өтетін көпшілік жүгіруге супермарафоншы Марат Жыланбаев қатысады

Оралда 5 қазан күні «Aqjaiyq marathon» атауымен көпшілік жүгіру марафоны өтеді. Марафон П.Атоян атындағы стадионнан басталмақ.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 13.42.28

Сағат 09:30-да сөреге дайындық басталса, 10:00-де 42.2 шақырымға, 10:20-да 21.1 шақырымға, 10:40-та 10.5 шақырымға, 11:00-де kids run 440 метрге жүгіру басталады.Түстен кейін абсолюттік және жас ерешеліктері бойынша жеңімпаздар марапатталады.

Айта кетейік, «Aqjaiyq marathon»-ның құрметті қонағы – Марат Жыланбаев. Ол супермарафоншы, халықаралық спорт шебері және Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген.

277a2e2bda3de9e75575dfae45663376

Марафонның шарттарына тоқталсақ, жүгіру жолы айналмалы. Бағдар бойымен бір айналма ұзындығы - 10,5 шақырым. Әр қатысушының дайындық деңгейіне байланысты қашықтықты таңдап, аяқтауға құқығы бар.
Жүлде қоры – 3 600 000 теңге. Абсолюттегі жүлде қоры – 2 000 000 теңге. Жас ерекшеліктері бойынша жүлде қоры – 1 600 000 теңге. Көпшілік марафонға І санат 16- 39 жасқа дейін, ІІ санат 40-59 жасқа дейін, ІІІ санат 60 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер қатыса алады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале