5.07.2018, 17:02
Оқылды: 47

Оралда «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы қарыз берілді  

 

natc bankБұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкі БҚО филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов мәлімдеді.


 

Аталмыш бағдарлама шеңберінде қарыз алған өңірлердің қатарында Алматы, Астана, Өскемен және Ақтау қалалары да бар.

- «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамысын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі  «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрған болатын. Халықтың жағдайын жақсартуды көздейтін  бағдарлама бойынша ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз болса, бастапқы жарна несиеге алынатын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде, сондай-ақ кредит мерзімі 25 жылға дейін есептелген.

Аталмыш бағдарламаға баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Тұрғын үй саатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғарғы шегі 25 миллион теңге болса, қалған өңірлерге 15 млн. теңге деп белгіленген. Ал ипотекалық қарыздар тек ұлттық валютамен беріледі.  Нысаналы индикаторларға сәйкес ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайды.

Күні бүгін Центркредит Банкі, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Цеснабанк, Халық банкі, РБК Банк және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  «7-20-25» бағдарламасына қосылған. Жыл соңына дейін Сбербанк пен Форте Банк те қосылмақ.

Бағдарламаға қатысты қажетті барлық ақпаратты  www.baspana72025.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ +7(727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша cаll-center тәулік бойы жұмыс жасайды. Ал қазір бағдарламаның мобильді қосымшасы әзірленуде, - деді Қозыбақ Әбуұлы.

Ясипа РАБАЕВА

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале