12.02.2018, 21:15
Оқылды: 65

Оралда 7 апатты үйдің орнына 4 көпқабатты тұрғын үй салынуда

IMG-20180212-WA0115Бүгін Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев қала тұрғындары алдында есеп берді. Есепті жиынға облыс əкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Шаһар басшысы өткен жылы қүрылыс саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
- 2017 жылдан бастап Орал қаласы бойынша 17 көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде (2433 пәтер, жалпы пәтер алаңы – 143,7 мың шаршы метр), оның 9 үйі пайдалануға тапсырылып, 8 үй бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Өткен жылы құрылыс саласына 7,2 млрд.теңге бөлінді, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18%-ға көбейгенін көрсетіп отыр (алдыңғы жылы 6,1 млрд.тенге бөлінген болатын).

Жыл қорытындысы бойынша 1287 пәтерлі 8 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 үй тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін, және 180 пәтерлік үй Зашаған кентінен кезекте тұрғандарға берілді (№6 дақ). Қалған тұрғын үйлер 2018 жылда берілетін болады.

Апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлердің санын азайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген жұмыстар жүруде. Қазіргі таңда қала бойынша 370 отбасы тұрып жатқан 43 үй апатты деп танылды. Деповская көшесі, Құрманғазы 198 және Гагарин 1 мекен жайлары бойынша бұзылған 7 апатты үйдің (73 пәтер) орнына 396 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Деповская көшесіндегі 90 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, қалған үйлер биылғы жылы тапсырылады. Осы жылы 10 апатты үйдің орнына тұрғындарды орналастыру жоспарымызда бар.

Сонымен қатар, аталған бағдарламамен жалпы құны 1,8 млрд.теңгені құрайтын 11 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Табиғи газды Оралдық ЖЭЦ-ке (жылуэлектрцентралы) апатсыз тасымалдау мақсатында ұзындығы 34 км, жалпы соммасы 3,5 млрд.теңгеге резервтік және жеткізуші газ құбырлары салынды.

Ұлттық қор қаражаты есебінен Деркөл кентіндегі ПДП-1-де квартал ішілік жолдар мен су жүргізу құбырлар құрылысы іске асырылуда.
Қазіргі уақытта, Зачаган кентіндегі 12 тұрғын үйге инженерлік желілер және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге Меловые горки ауылындағы тұрғын үйлерді газбен қамту құрылысы аяқталды.
Зачаган кентіндегі ішкі квартал жолдарының құрылысы аяқталу кезеңінде. Осы кентте ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, жаңа мал қорымы салынды.

Деповская көшесіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатырған тұрғын үйлерді желілермен қамтамасыз ету шеңберінде, ұзындығы 7 километр инженерлік желілердің және 9,2 мың шаршы метр алаңды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге инженерлік желілердің 5,3 км. салынды. Құрылысты ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда, - деді М.Мұқаев.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

IMG-20180212-WA0121 IMG-20180212-WA0102 IMG-20180212-WA0109 IMG-20180212-WA0109 IMG-20180212-WA0118 IMG-20180212-WA0113 IMG-20180212-WA0120 IMG-20180212-WA0119

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале