20.09.2019, 17:52
Оқылды: 186

Оралда 72 көп балалы отбасы баспаналы болады

Оралдың Зашаған кентінде 216 пәтерлік көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы  аяқталды. Әлеуметтік осал топтарға арналған көп қабатты үйдің 72 пәтері көп балалы отбасыларға, 29-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қалғаны Орал қаласы бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғындарға берілмек. 

baspana4

- Қазір Орал қаласында 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Оның ішіндегі төртеуі әлеуметтік осал топтарға арналған. Құрылыс мердігері – «Альтаир» ЖШС. Тұрғын үй пайдалануға беруге  толықтай дайын. Енді пәтерлерді бөлу бойынша жұмыстар басталады,-  деді Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале