5.08.2020, 10:40
Оқылды: 187

Оралда «Абай оқулары» облыстық онлайн байқауы өтті

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Ұлы Абайға деген құрмет еш уақытта бәсеңдемек емес.

1259C0AB-D0A2-494A-B110-E1F0BAB59CDF

Күні кеше ғана Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап  кітапханасы «Абай оқулары» облыстық онлайн байқауын ұйымдастырды.

Онлайн байқаудың І кезеңінде келіп түскен 50-ден астам өтініштер, эсселер мен бейнежазбалар қаралып, қазылар алқасының шешімімен 10 қатысушы ІІ кезеңге өткізілді.

Байқаудың ІІ кезеңге 4 тамыз күні «Абай әлемі» интеллектуалды әдеби телеbattle түрінде өткізіліп, жүлдегерлер анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырманы Айдос Исекенов жеңіп алды.

І орынды Жанақала ауданы, Бірлік ауылдық кітапханасының оқырманы Гүлбақыт Дүйсен, ІІ орынды Ақжайық ауданы, Алмалы ауылдық кітапханасының оқырманы Әйгерім Насибуллина, ІІІ орынды Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының оқырманы Оксана Барасова иеленді.

7B2449E0-F2D6-4CDA-A364-49DA55386CAA

Ұйымдастырушы тараптан жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айта кету керек, байқауға қатысушылардың өнерлерін өңірге танымал ақын, жұбантанушы ұстаз Үзілдік Елеубаева бастаған қазылар алқасы бағалады.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале