24.04.2019, 19:56
Оқылды: 20

Оралда «Айбын» әскери-патриоттық жиын басталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен жыл сайын ұйымдастырылатын «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық іріктеу сайысына аудандар мен қаламыздан барлығы 13 команда қатысуда.

20190424_160625

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Марат Есеновтың айтуынша, екі күнге жалғасатын шара барысында олар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, әскери машыққа қаншалықты бейім екендерін көрсетеді.

-Қатысушылар пневматикалық қарудан оқ ату, қару-жарақты бөлшектеу және құрастыру, кермеде тартылу, әскери кросс және арқан тарту сынды тапсырмалардан сынға түседі. Барлық сыннан сүрінбей өтіп, үздік атанған команда 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында өтетін республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында облысымыздың намысын қорғайтын болады,- дейді Марат Владимирович.

Бұдан өзге командалар «Менің роботым» атты робототехника сайысына қатысып, өз қолдарымен құрастырған озық үлгілерді көпшілік назарына ұсынатын болады.

Айта кетейік, аталмыш шара 26 сәуір күні аяқталады.

Есенжол Елекенов

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале