6.03.2020, 18:56
Оқылды: 320

Оралда әйелдер мерекесіне орай "UralskFashionWeek" сән көрсетілімі өтеді

Сән көрсетілімі мен оған қатысушылар жайлы "GS Production" сән және кино мектебінің директоры әрі "UralskFashionWeek" шарасының бас ұйымдастырушысы Гүлназ Смаилова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әңгімелеп берді. Алматылық дизайнер, "Сhinara_Ylmuratovna" ательесінің иесі Шынар Датхабаева мен өзбекстандық дизайнер, "ElmiraBatyrova" тігін үйінің иесі Эльмира Батырова да брифингке қатысты.

WhatsApp Image 2020-03-06 at 16.09.02

Гүлназ Нұрбергенқызының айтуынша, "UralskFashionWeek" сән көрсетілімі 2017 жылдан бері жылына екі рет – көктем мен күзде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 7 наурыз күні әйелдердің халықаралық күніне орай өтеді. Сән көрсетілімі Хадиша Бөкеева атындағы облыстық драма театрда 18:00-де басталады. Кіру тегін.

Алматы, Атырау және Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласынан келген және оралдық он дизайнер өз көйлектер коллекциясын ұсынады.

Бүгінде Орал қаласындағы "GS Production" сән және кино мектебінде жас мөлшері 4 пен 22 аралығындағы 60 модель дәріс алуда. Олардың кейбірі шетелдік сән көрсетіліміне қатысып, жарнама мен көркем фильмге түсіп үлгерген.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале