4.12.2018, 21:38
Оқылды: 48

Оралда әкелер форумы өтті (СУРЕТ)

Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында әкелердің облыстық форумы өтті.
Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шараға облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Шолпан Қыдырниязова, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, БҚО бойынша «Әкелер Одағы» төрағасы Мырзағали Дюсембеев қатысты.

форум (7)
Форумға келгендер алдымен театрдың фойесінде ұйымдастырылған «Отбасылық мұра» атты көрмені тамашалады.
- Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары, Құрманғазының күйлері бұлар біздің мәдениетіміздің бір парасы ғана деп білеміз. Осы бабалардан мирас боп қалып, қанымызға сіңіп, тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді жаңғыртуымыз қажет. Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген қасиетті сөз бар. Жалпы отбасында әкенің тәрбиесі ұшан теңіз екенін баршамыз білеміз. Қоғамда қайсар рухты ұл-қыздың өсіп шығуы тікелей ата-анаға байланысты. Қазақта «Тұяқ тұлпарды, тұлпар ерді, ер елді сақтайды» дейді. Әкелерді құрметтеу перзенттің парызы, - деді форумның алғы сөзінде Миржан Мұнайдарұлы.
Форум барысында сондай-ақ Мұрат Сабыр, Шолпан Қыдырниязова, Жаңабек Жақсығалиев қоғамдағы әкенің рөлі жайында ойларымен бөлісті.
Шара соңында бірқатар әкелер алғысхаттармен марапатталды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Сурет: Т.ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

форум (9)

форум (8)

форум (6)

форум (11)

форум (10)

форум (1)

форум (5)

форум (2)

форум (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале