4.12.2018, 18:50
Оқылды: 53

Оралда Әкім Ысқақтың кеші өтті

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында қоғам қайраткері, ақын, сазгер Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.

akim ysqaq (7)

Кеште облыс әкімі Алтай Сейдірұлы жайық жұртшылығына арнап, шығармашылық кешін өткізіп жатқан Әкім Ысқаққа ризашылығын білдірді.

         -Ақжайықтың ақ көңіл ағайынына арнап, осындай әдемі кеш өткізіп жатқаныңызға алғысым шексіз. Сіздің қазақ деп соққан жүрегіңізден туған туындыларыңыз жастарға патриоттық сезім ұялататынына сенімім мол. Жайықтың жайсан жұртшылығы ән, күй, жалпы өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық десем артық айтқаным емес. Қашанда туындыларыңыз көбейе берсін, - деді Алтай Көлгінов.

         Мұнан соң кеш иесі Жайыққа табаны тиіп жатқанына қуанышты екенін айтып, құрмет-қошемет көрсетіп жатқан облыс әкіміне алғысын жеткізді. Кеш барысында Әкім Ысқақтың «Елге сәлем», «Соңғы вальс», «Сені іздеймін» тағы да басқа әндерін облысымызға танымал өнерпаздар әуелете шырқады.

akim ysqaq (1) akim ysqaq (2) akim ysqaq (3) akim ysqaq (4) akim ysqaq (5) akim ysqaq (9) akim ysqaq (10) akim ysqaq (11)

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

суреттерді  түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале