7.02.2018, 18:18
Оқылды: 38

Оралда ақша айырбастау пунктін тонамақ болғандар ұсталды

Күдіктінің өткен жылдың желтоқсанында Орал қаласы, Евразия даңғылында орналасқан ақша айырбастау пунктіне де қарақшылық жасағаны анықталды, деп хабарлайды Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Пункт қызметкерін қорқытып-үркіткен күдікті 130 мың теңгені жымқырған. Өкінішке орай, тәртіп сақшылары қарақшыны қолға түсіре алмаған.

Күдікті бұнымен тоқтамай, осы жылдың 4 ақпанында тағы да жымысқы әрекетін асырмақ болды. Бұл жолы Жуков көшесіндегі ақша айырбастау пунктін таңдапты. Жанында сыбайласы бар екен. Қос жігіт қанша тырысқанымен, бұл жолы мекемеге кіре алмай, кері қайтады. Алайда тәртіп сақшылары қарақшыны бейнежазба арқылы ұстады. Күдіктілердің екеуі де  1993 жылғы, Орал қаласының тұрғындары. Қазір басқарманың уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале