20.09.2019, 21:55
Оқылды: 250

Оралда Ақұштап Бақтыгерееваның кеші өтті (СУРЕТ)

Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығы, ҚР мемлекеттік сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Өлең - өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

IMG-20190920-WA0197-800x533

Сыршыл, шынайы өлеңдерімен халқының жүрегінің төрінен орын алған ақын тойына Нұр-Сұлтан, Алматы  қалаларынан, Атырау облысынан қонақтар арнайы келді.

IMG-20190920-WA0188-800x533

Олардың қатарында Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, басқарма төрағасының баспа ісі жөніндегі кеңесшісі, ақын Ғалым Қалибекұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, журналист, мәдениеттанушы Сара Ләтиева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, сатирик Көпен Әмірбек, танымал әнші Роза Рымбаева болды.

IMG-20190920-WA0190-800x533

Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімі Ғали Есқалиев ақын тойы - елдің тойы екендігін атап өтті.

IMG-20190920-WA0185-800x533

– Бүгінгі таңда сізді көпшілік тек қарымды қаламгер деп емес, сондай-ақ елдің мәртебесін, мәдениет, өнер, ұлттық рухты асқақтатып жүрген қайраткер деп біледі, әрі құрмет тұтады. Ал ұрпақтарыңыздың алдында аяулы ана, ардақты әже абыройына иесіз! Сіздің мерейтойыңыз өңіріміздің әр ауданында аталып өтті. Қала, аудан-ауыл тұрғындары сізбен қауышып, поэзия әлемінің тылсымына енді. Тағылымы мол кездесулерде елдік, отаншылдық, батырлық, жастар тәрбиесі, ұлт болмысының тірегі саналатын қыздарымыздың тәлім-тәрбиесі турасында келелі ой қозғай білдіңіз. Мұның бәрі кешегісі мен бүгінін саралай білген, ертеңі үшін аянбай қызмет етіп жүрген тұлғаның шынайы болмысын білдірсе керек. Сол үшін өз атымнан, облыс жұртшылығы атынан шын жүректен алғыс білдіреміз, - деп сөзін сабақтаған облыс әкімі Ғали Есқалиев қазақы дәстүрмен ақынның иығына камзол жауып, құрмет көрсетті.

IMG-20190920-WA0203-800x533
«Ерке самал» атты әнге айналған өлеңдер қойылымымен  басталған рухани кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.

IMG-20190920-WA0204-800x533
Әдеби кеште жас өрендер ақын өлеңдерін нақышына келтіре, жатқа оқыды. Ақын тойына арнайы келген белгілі әнші Роза Рымбаева ақын сөзіне жазылған  әндерді орындап, салтанатты шараның шырайын аша түсті. Кеш соңында сахнаға көтерілген ақын өз өлеңін оқып, алыс-жақыннан жиналған оқырманға ризашылығын білдірді.

Гүлжамал Жолдығали

суретке түсірген Оқас Манасұлы

 zhaikpress.kz

IMG-20190920-WA0186-800x533IMG-20190920-WA0198-800x533IMG-20190920-WA0202-800x533IMG-20190920-WA0193-800x533IMG-20190920-WA0200-800x533IMG-20190920-WA0199-800x533IMG-20190920-WA0192-800x533IMG-20190920-WA0194-800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале