21.09.2018, 19:50
Оқылды: 121

Оралда ақын Ғайсағали Сейтақтың шығармашылық кеші өтті

Оралда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ғайсағали Сейтақтың «Мен – Нарынның ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті.

IMG_1811

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын 60 жасқа толды. Ғайсағали ақын - өзі дүниеге келген Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы. ҚР «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік және «Қазақстан тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Астанаға – 10 жыл» мерекелік медальдардың иегері.
Ғайсағали Самиғоллаұлы аудандық, облыстық газеттерде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болып қызмет етті. Қазір «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары. 2000 жылдан бері «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі.
«Қарлығаш», «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы», «Тек пен тамыр», «Жақыным менің - жалпақ ел» секілді жыр жинақтарының авторы.
Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ақынмен кездесіп, мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Шығармашылығы, әдебиет және өнер саласы жайлы әңгіме өрбітті.
фото2
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын шығармашылығына арналған көрме ұсынылып, ақынның жаңа "Қасиет қонған қара жер" кітабының тұсаукесері өтті.
Шығармашылық кешке Алматы қаласынан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы, «Бауыржан Момышұлы атындағы Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақыт Беделхан, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті, республикалық «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, жазушы-эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, Астана қаласынан Халықаралық «Қазақпарат» агенттігі бас директорының кеңесшісі, журналист Қанат Мәметқазыұлы келді.
-Алпыс жас алпыс емес, бұл - алып күш деген жас. Ғайсағали аға алып күшке келіп отыр. Атқа мінетін шақта тұр. Алашқа қызмет ететін ақылдың алтын кенін қазып жатқан шақта сіздердің алдарыңызда есеп беріп отыр. Бір өлеңінде "Мен емес, мінбеге өлең шықты" деген. Шынымен де, бүгін сахнаға өлеңді шығарды. Өзі ізеттілік, кішіпейілдік танытып отырған табиғаты қандай, өзі қандай, сөзі қандай, өлеңі қандай? Кішіпейілдік арқылы елдің жүрегіне өрттей жанған өлеңді салып, рухын көтеріп отырған ағамыз мың жасасын, - деген Бақыт Беделхан Қазақстан Жазушылар одағы құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты.

Динара Беріш,
Суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбетов, Динара Киндербаева
zhaikpress.kz

DSC_1061

DSC_1044 IMG-20180921-WA0149

IMG-20180921-WA0159 IMG-20180921-WA0160 IMG-20180921-WA0144 IMG-20180921-WA0161

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале