24.11.2017, 19:25
Оқылды: 24

Оралда "Ақжайық" шағынауданы салынады

FB_IMG_1511533354239Бұл жайында Ақжайық телеарнасында жүргізіліп жатқан "Əкім сағаты" тікелей эфирінде Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов айтты.


Жаңа шағынаудан Орал-Саратов күрежолы бойында салынбақ. Биыл "Нұрлы жер" аумағында облыста 2005 пəтер құрылысы жүргізілуде. Соның 1500-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Облыс орталығындағы 200-ден астам үйдің 44-і апатты деп танылған.

"Қаланың Деповской көшесінде 9 қабатты үй пайдалануға берілді. Оған апатты үй иелері қоныстанды. Бұл бағытта қалада 9 қабатты үй бой көтеруде", - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале