14.07.2017, 12:21
Оқылды: 14

Оралда алаяқ қала тұрғындарын 15 млн теңгеге отырғызып кеткен

Оралда биылғы алты айда алаяқтық қылмысы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 6,9 пайызға (420-дан 449-ға) көбейіп отыр. 


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, талдау көрсеткеніндей, осынау қылмыстың 22 пайызы жиһаз дайындау мен орнату желеуімен жасалған алаяқтық үлесіне тиеді. Мысалы, Т. деген азамат  OLX сайтында тапсырысқа жиһаз жасаймын деп хабарландыру орналастырған. Қала тұрғындарын алдау үшін жалған келісімшарт жасап, қаржының 30 пайызын алып, тапсырыс берушілерден бой тасалап отырған. Алаяқтың қармағына Оралдың 98 тұрғыны ілігіп, оларға 15 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Айта кетейік, қала аумағында биылғы бірінші жартыжылдықта барлығы 4500 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жылғыдан 10,1 пайызға кем.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале