30.06.2017, 15:12
Оқылды: 69

Оралда анасын өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды

sott    БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз анасын өлтірген С.Сованенкоға қатысты үкім шығарды.

   БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын мас күйінде өзара келіспеушілік салдарынан анасының кеуде тұсынан пышақ сұққан. Марқұм сол жерде көз жұмған.


   С.Сованенко ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

     Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале