23.02.2018, 16:20
Оқылды: 80

Оралда «Aqjayq SkiFest-2018» қысқы ойындар фестивалі басталды

Бүгін Оралда «Aqjayq SkiFest-2018» қысқы ойындар фестивалі басталды. Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы олимпиада ойындарына қатысушы жерлестерді қолдау мақсатында «Атамекен» туристік базасында көпшілік шаңғымен сырғанау шарасы өтуде.

Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов: «Көпшілік сырғанаудың мақсаты - Қысқы олимпиада ойыншыларын, жалпы бұқаралық спортты қолдау. Дене шынықтыру шараларының көптеп өткізілуіне әрқашан да қолдау білдіреміз.Қысқы олимпиадада үш жерлесіміз өнер көрсетуде. Ертең Алексей Полтаранин додаға түседі. Дәл қазір біздің спортшылар 25-ші орында. Спортшыларға жеңіс тілейміз!» деді.

Шараға 200-дей адам қатысуда. Қатысушылар шаңғымен 3 шақырымдай жүріп өтеді. Қатысушылар арасында Олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионова мен самбодан әлемдік сайыстар жүлдегері Нұрбол Серіков те бар.

Темірболат Тоқмамбетов,

Сурет автордікі

WhatsApp Image 2018-02-23 at 15.07.50 ad4cfefd-c864-47c1-ad74-55f65bcf777f WhatsApp Image 2018-02-23 at 15.07.50 (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале