16.05.2019, 17:55
Оқылды: 31

Оралда «Ар азабы» драмасы қойылады

         Оралдықтар мен қала қонақтарының назарына!

         Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Тасқала ауданы әкімдігінің және аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында алғаш рет жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасы қойылады.

ar azaby (1)

          Мамырдың 20-сы күні кешкі сағат 19.00-де басталатын қойылымды Тасқала аудандық халық театрының режиссері Мағжан Жұмағалиев сахналайды.

Барша көрермендерді театрда асыға күтеміз! Кіру тегін.

Ұйымдастыру алқасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале