4.07.2019, 11:11
Оқылды: 190

Оралда «Ашық әкімдік» шарасы өтеді

Орал қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығында қала тұрғындары үшін «Ашық әкімдік» шарасы өтеді.

ashyq akimdik

Өтетін уақыты 5 шілде, сағат 10:00.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға қала әкімі, қалалық құрылымдық бөлім басшылары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысады.

Ашық есік күні өзіңізді толғандырған мәселені, өтінішіңіз бен ұсынысыңызды, сұрақтарыңызды құқық қорғау органдары, мемлекеттік және коммуналдық мекеме басшыларына қоя аласыз. Сұрақтарға тиісті жауап пен құқықтық кеңестер беріліп, шешу жолдары қарастырылмақ.

«Ашық әкімдік» шарасы тұрғындар арасындағы туындаған көкейкесті мәселені жедел әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале