27.02.2018, 17:29
Оқылды: 75

Оралда әскерилер арасында президенттік көпсайыстан жарыс өтті

Оралда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі  үшін ұлттық ұлан жауынгерлері арасында қысқы Президенттік көпсайыс ойындары өтті.

Сайысқа, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Атырау және Жаңаөзен қалаларындағы әскери бөлімдерден келген  алты команда қатысты.

Қатысушылар жарыс бағдарламасындағы пневматикалық мылтықтан атыс, күшті жетілдіру жаттығулары, 10 шақырымға шаңғымен жарыс секілді кезеңдер бойынша сынға түсті.

Қысқы Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша, командалық есепте Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің спортшылары жеңімпаз атанды. Жаңаөзендегі №5548 әскери бөлім командасы екінші, ақтаулықтар үшінші орынды еншіледі.

Ал пневматикалық мылтық ату кезеңі бойынша І орынды оралдық №5517 әскери бөлімінің  аға сержанты Мұхамбет Жәкиев, ІІ орынды №5517 әскери бөлімінің ефрейторы Ренат  Хайруллин ал, ІІІ орынды  ақтөбелік қатардағы жауынгер Алексей Чингаев жеңіп алды.

Сондай-ақ күшті жетілдіру жаттығуларынан І орынды ақтөбелік №6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Дмитрий Вакуленко, ІІ орынды оралдық ефрейтор Ренат  Хайруллинге бұйырды, ІІІ орынды жаңаөзендік 5548 әскери бөлімінің кіші сержанты Нұрлан Нұрғали иеленді.

Шаңғы жарысының қорытындысы бойынша, І орынды ақтөбелік қатардағы жауынгер Дмитрий Вакуленко және ІІ орынды №5517 әскери бөлімінің ефрейторы Ренат Хайруллин алды, ІІІ орынды №6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Алексей Чингаев қанжығасына байлады.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге кубок, медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,

Орал

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале