10.12.2017, 10:01
Оқылды: 57

Оралда Астананың 20 жылдығы атап өтілді

Темирболат Токмамбетов1Шаһардағы Абай алаңында Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Мерекелік басқосуға облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, әлемнің әдемі қалаларының қатарына енген Елорданың Алматыдан Ақмолаға көшірілу тарихы мен  қазіргі дамуы туралы айтты.

- Осыдан 26 жыл бұрын еліміз тәуелсіздікке қол жеткізсе, 20 жыл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешімі қабылданды. Астана – әлемнің әдемі қалаларымен терезесі тең қала. Бұл жерде саяси маңызы бар шешімдер қабылдануда. Сол кезде Ақмолада 250 мыңдай адам тұрса, қазір ол төрт еседен астам өсті. Елордаға қарап Қазақстанның басқа қалалары бой түзеуде. Астана қаласында мыңдаған жас білім алуда, еңбек етуде. Жастардың білімді де білікті ұрпақ болып өсуіне барлық жағдай жасалған. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақтылығының жетістігі деп білемін. Батыс Қазақстан облысында да тұрғындардың игілігі үшін  білім, мәдениет, денсаулық, спорт кешендері  бой көтеруде. Еліміз дамып, көркейіп келеді. Айтулы мереке құтты болсын. Астанамыз жайнап, өркендей берсін,- деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

Содан соң өңір өнерпаздары өнерлерін ортаға салды. Айта кетсек,  «Әуен», «Әдемі» тобының өнерлі өрендері әуелете ән шырқаса, «Батыс» тобы «Ұлы дала  биімен» көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ жастардың «Астана 20» атауымен қойған флешмобы да әсерлі шықты.

 

                                                                                                           Гүлсезім БИЯШЕВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале