31.10.2017, 17:00
Оқылды: 90

Оралда аудандық газеттердің журналистеріне арналған кезекті семинар өтті

«Жайық Пресс» медиахолдингіндегі журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқыту орталығының кезекті семинары өтті. Мекеменің 12 филиалынан жиналған тілшілерге танымал журналистер мен фотографтар түрлі тақырыпта дәріс оқыды.

Айта кетейік, қазан айында құрылған оқу орталығының мақсаты - журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру, заман талабына сай жедел ақпарат алу мүмкіндіктерін ашу, тәжірибе алмасу, ақпаратпен жұмыс істеудегі жаңа үлгілер машығын меңгерту.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған екі күндік семинарда «Оқырман хаттарын қорытқанда ескеретін жәйттер», «Фототілшінің жұмысы», «Экономикалық тақырыпта жазу мәселелері» сияқты тақырыптар қозғалды. Спикерлердің қатарында «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары, тәжірибелі журналист Сырымбек Тұяқов, газет тілшісі Гүлбаршын Әжгереева, осы басылымның фототілшісі Темірболат Тоқмамбетов және «Приуралье» газетінің фотографы Айбатыр Нұраш болды.

IMG_7601- Сырымбек Жәрдемұлының дәрісінде біз оқырман хаттарын қорытқанда ескере бермейтін ақпаратты нақтылау, автордың сөз қолданысын сақтау, ойын байыта түсу мақсатында әрлеу сияқты шеберлік құралдарын меңгердік. Сондай-ақ оқырманның арыз-шағымы бойынша жұмыстану барысында ескерілетін жағдайдың маңыздылығын түсіндім.

Фотографтар болса суретке түсіру барысында ескеретін қашықтық, жарық, көлем өзге де талаптардың сақталуы туралы айтты. Сонымен қатар фотоаппарат құрылымы мен қызметін айтты. Фотоаппараттың құрылымы, қызметі де осы жерде түсіндірілді, - дейді Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыр.

- Экономикалық тақырыпта мақала жазғанда көп жайтты ескере бермейді екенбіз. Құр сан оқырманға қызықсыз. Гүлбаршын Дыбысқалиқызы сандарды да сөйлету, логикаға екпін түсіру қажеттігін ескертті. Меніңше, өғір журналистеріне бұл тақырыпта серпіліс керек, - дейді ақжайықтық журналист Бекболат Қаленов.

IMG_7649Шара барысында тілшілер сараптама материалдар үлгісімен танысып, хат қорытып көрді. Сонымен қатар семинарда мақалаға тақырып қою, журналистік этика мәселелері сөз болды.

Семинарға қатысқан барлық тілшілерге сертификат табысталды.

Алдағы уақытта оқыту семинары алдағы уақытта түрлі тақырыпта дизайнер, техникалық мамандардың басын қоспақ.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале