26.04.2018, 18:09
Оқылды: 72

Оралда аукцион арқылы тоғыз жер телімі сатылды

aukcionБүгін Орал қалалық әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша кезекті аукцион өтті. Аукционға 10 жер телімі шығарылды.


Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Бисембалиевтың айтуынша, ҚР-ның «Жер кодексінің» 48-бабына сәйкес. коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату аукцион арқылы жүргізіледі.  Сатып алушылар жер телімін үш жыл ішінде мақсатты пайдалануы керек. Олай болмаған жағдайда, ҚР Жер кодексінің 92-ші және 94-баптарына сәйкес, жер телімі кері қайтарылып алынады. Жалға алу құқығының үш жылдық мерзімі аяқталған соң, кәсіпкер кадастрлық құнын қоса төлеп, жер телімін өз меншігіне аудара алады.

aukcion (1)Кезекті аукцион өткізілетіні жөнінде, тиісті заңға сәйкес, күнтізбелік 15 күн бұрын, яғни 11 сәуірде БАҚ-тарға хабарландыру берілді. Аукционға қатысуға 32 адам 53 өтініш берді.  ҚР Жер кодексі бойынша жер телімдері үш жылға жалдау құқығымен беріледі. Сауда-саттыққа шығарылған жер телімдері Орал қаласында және қалаға іргелес Зашаған кентінде орналасқан. Ен үлкен жер телімінің ауданы - 2 гектар, өзгелері әр түрлі ауданды құрайды.

Аукционға шығарылған 10 жер телімінің тек 9-ы ғана өтті. Бір жер теліміне бір адам ғана өтініш бергендіктен, ол жер телімі заң бойынша аукционға шығарылмады. Тоғыз жер телімі жалдау құқығымен сатылып, одан 28 млн. 232 мың теңге түсті. Зашаған кентіндегі ең үлкен жер телімі 4 млн. 200 мың теңгеге өтті. Сондай-ақ осы аудандағы академик Қ. Жұмалиев атындағы көшедегі 0,15 гектар жер ең қымбат бағаға өтті, яғни 5 млн. 50 теңгені құрады,- деді Арман Бисемалиев.

aukcion (2)Оның айтуынша, өткен жылдан бері үш аукцион, бір конкурс өткізілгені белгілі. Үш акционда 17 жер телімі жалдау құқығымен сатылып, одан 72,3 млн. теңге түсті.

-Жер телімі жалдау құқығымен сатылатын аукциондардың өткізілуіне көңілім толады. Бәрі ашық, көз алдыңда. Әркім өзіне қажетті жер телімін жағдайына қарай сатып алады. Мен Құрылысшы шағын ауданындағы жер телімі 65 мың теңгеге ұсынылды, мен оны 3 млн. 645 мың теңгеге алдым, - «Полиграфсервис» ЖШС-ның өкілі Дәурен Қайыров.

Мамыр айының аяғына қарай тағы бір аукцион өткізіледі. Оған 15 жер телімі ұсынылады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале