30.05.2018, 16:17
Оқылды: 79

Оралда аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды

autizm (1)Орал қаласында «Асыл мирас» жеке қоғамдық қорының қолдауымен аутизм дертіне шалдыққан балаларға жәрдем беруге арналған көпбейінді орталық ашылды. «Бәйтерек» БҚО ҚБ» басқармасының ғимаратында орналасқан орталықтың ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов БҚО-да 140-тан астам аутизмге ұшыраған бала бар екенін айтты.

– «Асыл Мирас» аутизм орталығы 2015 жылы алғаш Алматыда ашылды. Содан кейін Өскемен, Қызылорда, Астана қалаларында қызметін бастады. Орталық 15 жасқа дейінгі аутистік спектр дертіне шалдыққан балаларды қабылдайды. Қазақстан бойынша арнаулы диагностикадан 2600-ден астам бала өтті. «Аутизм. Баршаға бір әлем» бағдарламасы ауқымында 2151 балаға тегін көмек көрсетілді. Орталық әдістемесі халықаралық зерттеулерге негізделген. Ғылыми кеңесшілер ата-аналарға ақпараттық және психологиялық қолдау көрсетеді, – деді қоғамдық қордың директоры Марат Аймағамбетов.

«Бәйтерек» БҚО ҚБ» басқармасының төрайымы Меруерт Санкаеваның айтуынша, Болат Өтемұратов қорының «Аутизм. Баршаға бір әлем» авторлық бағдарламасы лизенциясының құны 8 млн.240 мың доллар тұрады. Компания оралдық сегіз маманды оқытқан.

autizm (3)Оралда аутизм орталығының ашылатынын естіген күні 47 ата-ана хабарласқан. Оның ішінде өзге облыстардан да қоңырау шалып үлгерген. Әзірше орталық көмегі тегін. Меруерт Санкаева сұраныстың көптігіне байланысты алдағы уақытта орталықтың ақылы бөлімдері ашылуы мүмкін екенін айтты. Аутизмге 7-10 және 11-15 жастағы балалар көп шалдығады. Халыраралық сарапшылар Қазақстанда АSD дертіне шалдыққан балалардың саны 60 мыңға жуық екенін хабарлады. Оралда да аутизмге ұшыраған балалар саны алдағы уақытта нақты анықталады.

«Асыл мирас» жеке қоғамдық қорының негізін қалаған меценат Болат Өтемұратов – «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі акционері. «Forbes» рейтингіде қазақстандық үздіктерінің қатарына кіреді.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

autizm (6) autizm (5) autizm (4) autizm (2)

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале