20.10.2018, 12:01
Оқылды: 29

Оралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін Оралдағы М.Ықсанов көшесінің бойында маусымдық көкөніс-бақша өнімдерінің 2018 жылдағы соңғы жәрмеңкесі өтті.

jarmenke (4)

Жәрмеңкеге Бөкейорда, Жәнібек, Зеленов, Теректі аудандарының, сондай-ақ қала жанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері өнім ұсынды.
Айта кетсек, сиыр еті 1300-ден, жылқы еті 1400-ден, картоп пен пияз 50-60 теңгеден, сәбіз бен орамжапырақ 80 теңгеден сатылды.

Жәрмеңкеде барлығы 26 бас сиыр еті, 6 бас жылқы және  қой еті, 35 т. картоп, 17 т. пияз, 10 т. қырыққабат, 10 т. сәбіз, 3 т. қарбыз, 1 т. қауын, 19 мың дана жұмыртқа сатылды.

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале