21.09.2019, 14:46
Оқылды: 91

Оралда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін М.Ықсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

IMG-20190921-WA0063-800x534
Жәрмеңкеде тауар өндірушілерге сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеге Ақжайық, Бәйтерек,Теректі, Шыңғырлау, Сырым аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 120-ға жуық тауарөндіруші қатысты.

IMG-20190921-WA0054

Барлығы 6 бас жылқы еті, 20 бас сиыр еті, 4 бас қой еті, 21 000 дана жұмыртқа, 12,3 тонна картоп, 1,2 тонна қызанақ, 1,8 тонна қырыққабат, 1,5 тонна сәбіз, 7,7 тонна пияз, 1,5 тонна бұрыш, 5 тонна қарбыз, 2,5 тонна қауын, сондай-ақ шұжық, ет жəне ет өнімдері, жеміс-жидектер сатылды.

IMG-20190921-WA0061

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан 10-15% төмен болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале