15.12.2017, 15:36
Оқылды: 20

Оралда авиация спортынан жарыс өтті

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Облыстық авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт-техникалық мектебінің» авиамодель және парашют бөлімдері біріншілік өткізді.

Парашют бөлімінің спортшылары жалпы дене дайындығы бойынша жарысқа түсті. Ал авиамодель бөлімінің спортшылары лақтырма планерлер моделі бойынша бәсекелесті. Жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды.

«Жарысты өткізудегі басты мақсат – балаларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау» дейді ұйымдастырушылар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале