5.06.2017, 16:50
Оқылды: 24

Оралда автокөлік өртеніп кетті

kolik ortendi    Бүгін сағат 08.03-те БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Виктория» қонақүйінің жанындағы жол шетінде «Фольксваген» автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде мәлімет түскен.


     Департаменттің бас маманы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, өрт көп ұзамай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.

    Айта кетейік, мұндай оқиға биыл өңірде бірінші рет тіркеліп отыр.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале