27.02.2018, 15:24
Оқылды: 24

Оралда азық-түлік қауіпсіздігіне арналған семинар өтті

IMG-20180227-WA0032ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының БҚО бойынша филиалында ашық есік күні өтті. Тұрғындарға азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде кеңестер айтылып, сұрақтарға жауап берілді.


Сондай-ақ тағам өнімдері арқылы уланудың, ішек және паразитарлық жұқпалардың алдын алу мәселелерін талқылап, жан-жақты ақпарат берген семинар да ұйымдастырылды.

IMG-20180227-WA0034Шағын тамақтану орындарын, азық-түлік дүкендерін ашып отырған кәсіпкерлерге филиал мамандары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, ішек жұқпалары және тағамнан улануды болдырмаудың ережелері, паразиттік аурулардың өзектілігі, өндірістік бақылау жөнінде баяндап, слайдтар көрсетті.

«Біздің мекеменің негізгі қызметі - зертханалық зерттеулер жүргізу. Орталықта зертханалық қызметтердің толық спектрін қамтамасыз ететін 5 зертхана бар. Барлық зертхана аккредитациядан өткен. Біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ететін қосалқы мердігерлердің тізіліміне кіреміз», - дейді филиал директорының орынбасары Светлана Уәлиева.

Оның айтуынша, зертханада облыс бойынша 367 қызметкер еңбек етуде.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале